11 ақпан 2020 18:00

Қордайдағы қақтығыс: зардап шеккендердің саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қордай ауданынағы қақтығыстар салдарынан зардап шеккендердің саны артты. Соңғы мәліметтер бойынша, 182 адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта стационарларда 41 адам жатыр, оның бесеуі - ауыр халде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының орталық ауруханасында өткен брифингте айтылды. 

"Жалпы осы оқиғалардың салдарынан 182 адам зардап шекті, негізінен көбі жеңіл жарақат алған, біразы амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Бүгінгі таңда Алматы қаласының стационарларында 29 науқас бар, оның төртеуі - жансақтау бөлімінде жатыр. Жамбыл облысының стационарларында 12 науқас бар, оның ішінде 11-і Қордай ауданында, біреуі Тараз қаласында. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Қырғызстаннан келген тоғыз науқас Алматыға екі тікұшақтың көмегімен тасымалданды. Зардап шеккендердің ең жасы 17 - жаста, ең кәрісі - 77 жаста", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров.

Еске салайық, осыған дейін Қордай қақтығысынан 170 адам жарақат алғаны айтылған. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапқан, кейінірек тағы екі адамның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети