Қостанай облысында автобус баланы жаяулар жолында қағып кетті

11 Наурыз 2015, 12:24
0
Қостанай облысында автобус баланы жаяулар жолында қағып кетті - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Қостанай облысында автобус жаяулар жолында баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Наша газета" облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 9 наурызда Затобол ауылында Терешкова және Калинин көшелерінің қиылысында болды. МАN автобусының жүргізушісі оңға қарай бұрылып жатып, 8 жастағы қызды қағып кетті. Жол апатының салдарынан қыз көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол апатын жасаған адам ұсталды.

Осыған ұқсас жағдай Ақтауда 2014 жылдың қыркүйек айында болған еді. Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырды. Оқиға 29-шы шағын ауданда болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жылдамдықты азайтпай, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Миы шайқалып, түрлі дене жарқатын алған төрт жасар бала облыстық ауруханаға жеткізілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай