27 шілде 2016 21:26

Қостанай облысында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қазақстан ТЖМ/ "Айна" газеті © Қазақстан ТЖМ/ "Айна" газеті

Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Олардың бірі 12 жастағы бала. Рейс автобусы мен көптонналық жүк көлігі Алматы - Екатеринбург тас жолында соғысып қалған. Тағы 25 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы "Қостанай жаңалықтары" интернет-басылымы хабарлады. 

Оқиға 27 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де ресейлік шекара маңында болған. "Iveco Magirus автомобилі Қостанайдан Ресеймен шекараға келе жатып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, сөйтіп ол Kia Granbird рейс автобусымен соғысқан", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнында құтқарушылар мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жүк көлігінің алдыңғы сол жақтағы дөңгелегінің жарылуынан болған делінеді. Нақты себебі сараптамадан белгілі болады. "Алау" порталының мәліметінше, автобус Челябіден Қостанайға келе жатқан. Қаза болғандардың азаматтығы жайлы мәлімет әзірше жоқ. 

Ал куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттерін жариялап жатыр.

Фото: "Айна" газеті /"10 Авторегион"/Арман Әйтімбетов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети