Қостанай облысында жоғалып кеткен студент қыздар табылды

07 Желтоқсан 2016, 14:55
0
Қостанай облысында жоғалып кеткен студент қыздар табылды -

Қостанай облысында осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен студенттер - 18 жастағы Вероника Семегина мен 17 жастағы Назгүл Сәдуақасова табылды, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.

Вероника Семегинаның туған әпкесі сіңлісінің үйге 6 желтоқсанда кешкі уақытта оралғанын хабарлады. Вероника Семегинаның айтуынша, ол үйден "өзінің жеке себептеріне байланысты" кетіп қалған. Сондай-ақ, табылған қыздың әпкесі екі студент қыздың Астанада болмағанын айтты.

"Ол маған басқа ештеңе айтқан жоқ. Бастысы - олар аман-есен", - деді  Ксения Семегина екі қыздың полицейлерге өздері бармақшы болғандарын айта отырып.

Алайда Назгүл Сәдуақасова әзірше қызының үйіне келгені жайлы мәліметті растамады. "Өзімнің жүйкем құрып тұр. Ештеңе де білмеймін", - деді Назгүлдің анасы. Сондай-ақ, қазіргі уақытта тәртіп сақшыларының екі қызбен де жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Қостанай облысында колледждің екі студенті із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Назгүл Сәдуақасованың анасының айтуынша, онық қызы Затобольск ауылында әжесімен тұратын. Сенбіде, 26 қараша, қыз өзі оқитын Қостанай политехникалық колледжіне барып және анасына баратынын айтқан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай