Қостанай облысында өрт сөндіруші жанып жатқан газ баллонын пәтерден өзі алып шықты

15 Желтоқсан 2017, 12:22
0
Қостанай облысында өрт сөндіруші жанып жатқан газ баллонын пәтерден өзі алып шықты -

Қостанай облысында өрт сөндіруші жанып жатқан газ баллонын пәтерден өзі алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарына қарағанда оқиға биыл 14 желтоқсанда Арқалық қаласындағы Майкөтов көшесінің бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған. 

"16 литрлік газ баллонында ақау шығып, ашық жалын шарпыған. Тұрғындар баллонды баспалдақ алаңына шығаруының салдарынан көрші пәтердің есігі жанған", - деп хабарлады Иманқұлов.

Оның айтуынша, подъезде және пәтерде қою түтін шығып, осыдан кейін Арқалық қалалық №2 Мамандандырылған жасағының азаматтық қорғаныс аға сержанты өртсөндіруші-құтқарушы Ысқақ Жандос оқиға орнына жетіп, газ баллонын эвакуациялау және оны сөндіру шараларын дереу жүзеге асырды.  

"Өрт сөндіру барысында өрт сөндіру бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, 16 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сөндірушілер осы уақытта жанып жатқан пәтерден төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала", - деді ол.

Өрт 18.31-де сөндіріліпті. Пәтерден шығарылған тұрғындар ауруханаға жеткізілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай