04 қыркүйек 2022 10:42

Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін хабарланғандай, 24.00-ге дейін зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат болған жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерді қарау барысында адам денесі табылды. Ол - 1936 жылы туған мүгедектігі бар ер адам. Жедел іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар оған хабарлағаны, бірақ ол эвакуация шараларынан бас тартқаны анықталды. Дегенмен адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі", - деді министр.

Сондай-ақ, ол өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланғанын айтты. Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети