09 шілде 2019 16:16

Қостанай облысында үйленгелі жатқан жігіт жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жігіт ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтар".  Биыл 29 маусымда түнгі үштер шамасында Жітіқара ауылындағы Ленин көшесінің бойында "Шанс" дүкеніне жақын маңда "ВАЗ 2114" маркалы автокөлігі бағанаға соқтығысқан. 

Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Автокөлікте Әзербайжан Республикасының азаматы 32 жастағы жүргізуші және 21 және 23 жастағы жігіттер мен 19 жастағы қыз бала болған. Барлық жолаушылар ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Көлікте жігіт қалыңдығымен бірге отырған және қыздың туысы болған. 3 маусымда қыздың туысы 23 жастағы жігіт қаза тапты. Кеше 23 жастағы үйленгелі жүрген жігіт ес жимастан қаза тапты. 19 жастағы қыз бала әлі де ауруханада жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети