05 маусым 2015 | 16:46

Қостанай облысындағы үй жануарлары мен киіктердің қырылуында байланыс жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қостанай облысы Жангелді ауданында үй жануарлары аурудың жұқпайтын түрінен қырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай мәлімдеді. Оның мәліметінше, барлығы 18 жануар өлген. Еске сала кетейік, бұл өңірде үй жануарлары жаппай қырылған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысы Жангелді ауданында үй жануарлары аурудың жұқпайтын түрінен қырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай мәлімдеді. Оның мәліметінше, барлығы 18 жануар өлген. Еске сала кетейік, бұл өңірде үй жануарлары жаппай қырылған болатын.

Жануарлар 700 және 200 бас малы бар шаруашылықтар мен Милысай ауылында болған. Бірінші шаруашылықта 6 бұзау мен сиыр өлді, ал екіншісінде 9 сиыр мен ауылда 2 бұзау өлген. Маманның айтуынша, жылда 100 бас малдың 3-тен 5 пайызға дейінгісі қырылады. "Жануарлардың жаппай қырылуы туралы ресми мәлімдеме болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлар аурудың жұқпайтын түрінен қырылған. Киіктер мен үй жануарларының қырылуының арасында байланыс жоқ", - деді ол. Оның айтуынша, 4 сынама зерттеуге жіберілді, қорытындысы 10 күннің ішінде дайын болады. Жануарлар 28 мамырдан бастап бүгінге дейін қырылған. 

Бұған дейін ақпарат құралдары Қостанай облысында үй жануарларының қырыла бастағаны жайлы хабар таратты. Соңғы екі аптаның ішінде Жангелді ауданында 20 ғана үй тұратын Албарбөгет ауылында 55 сиыр мен 16 жылқы қырылған. Мал індеті Кеңес, Аралбай, Көкала, Қарақоға және Милысай, сонымен қатар мал шаруашылықтарында байқалып отыр. Мал дәрігерлері егер малдың қырылуының себебі құтыру болса, онда оның адамға да қауіп тудыратынын ескертті. Бірақ әзірше адамдарға жұғу дерегі тіркелмеді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен шаруашылықтар мен елді мекендер биыл киіктер қырылған "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватына таяу жерде орналасқан. 

Ал бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің киіктердің қырылу себебін анықтау үшін экспедиция өткізгелі жатқаны хабарланды. Министр Асылжан Мамытбеков: "Киіктердің бірқатары чиптелген, сондықтан оларды бақылау оңай, олар Қазақстанның оңтүстігінен қалай өтті, әсіресе Қызылорда облысының аумағынан өзге облыстарға және бұл нұсқаны алып тастау үшін сол жолдар бойынша судың, топырақтың, шөптің сынамалары алынып, зерттеу жүргізілуі тиіс", - деп мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети