Қостанай орталығында жол апатынан зардап шеккен 22 жастағы жігіт әлі комада жатыр, - деп хабарлайды Алау порталы.
Қостанай орталығында жол апатынан зардап шеккен 22 жастағы жігіт әлі комада жатыр, - деп хабарлайды Алау порталы.
Қостанай қалалық ауруханасының өкілдері Audi көлігінің зардап шеккен жолаушысы жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Жігіттің қолына және аяғына ота жасалған. Оның сынған жерлері болды.
"Жігіт сонымен қатар миын қатты зақымдап алған. Біз қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз. Ол әлі күнге дейін комада", - деді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымова.
Ал көліктің тағы бір жолаушысы ауруханадан шықты. Audi жүргізушісі әлі ем қабылдап жатыр.
Еске салайық, 4 қыркүйекте таңғы сағат 05.48-де Honda Accord автокөлігін басқарып келе жатқан жүргізуші солға бұрылмақ болған уақытта қарсы бағытта келе жатқан "Audi 89" автокөлігін жібермеген. Қарсы жолда келе жатқан автокөліктің жүргізушісі 29 жаста.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Audi 89" бағанаға соғылып, аударылып кеткен. 20 мен 23 жас аралығындағы бес жолаушы әр түрлі дене жарақаттарын алып, Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген.