Қостанайда ірі жол апатынан бес адам ауруханаға түсті

05 Қыркүйек 2016, 11:32
0
Қостанайда ірі жол апатынан бес адам ауруханаға түсті - © vk.com/10 авторегион
© vk.com/10 авторегион

Қостанайда жол апатынан бес адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Алау порталы. Жол апаты туралы мәліметті Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады.

4 қыркүйекте таңғы сағат 05.48-де Honda Accord автокөлігін басқарып келе жатқан жүргізуші солға бұрылмақ болған уақытта қарсы бағытта келе жатқан "Audi 89" автокөлігін жібермеген. Қарсы жолда келе жатқан автокөліктің жүргізушісі 29 жаста.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Audi 89" бағанаға соғылып, аударылып кеткен. 20 мен 23 жас аралығындағы бес жолаушы әр түрлі дене жарақаттарын алып Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Honda Accord автокөлігінің жүргізушісі сау болған, ал Audi 89 көлігінің жүргізушісі мас күйінде болған.

Қостанай полицейлері Гоголь және Абай көшелерінің қиылысында болған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай