05 ақпан 2015 | 18:17

Қостанайда атылып өлмек болған полицей жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kstnews.kz ©Kstnews.kz

5 ақпанда таңғы уақытта өзін-өзі өлтірмек болған тәртіп сақшысы жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

5 ақпанда таңғы уақытта өзін-өзі өлтірмек болған тәртіп сақшысы жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Жарасхан Ақбердиевтің айтуынша, осы дерекке қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Қазіргі уақытта тергеу полиция қызметкерінің оның қызымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Қостанай ІІБ ғимаратынан шыққанын анықтады. Ол қоңырауларға жауап бермеді, осыған байланысты жол-патруль полициясы оны іздестіруге жұмылдырылды. 10.40-та полицей басқарған автокөлік Майлин көшесінің қиылысынан табылды, патруль жасағы көлікті арнайы құралдар мен қаруды қолданусыз тоқтатты", - деді ол.

Баспасөз хабарламасында жасақтың оған жақындап келе жатқанында Қостанай ішкі істер басқармасының қызметкері табель тапаншасын басына апарып, шүріппені басып қалғаны жазылған.

 

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен азаматты аурухағана жеткізді, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай ішкі істер басқармасы қызметкерінің өз автокөлігінде атылып өлмек болғаны туралы хабарланған еді. "Қостанай қаласы ішкі істер басқармасы қызметкерінің суицид жасауға әрекеттенуі дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Оның айтуынша, Қостанай ішкі істер басқармасының өзін-өзі өлтірмек болған қызметкері қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Сонымен қатар, оқиғаға оның жуырда қызымен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін екені айтылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети