Қостанай ІІБ қызметкері көлігінде атылып өлмек болды

05 Ақпан 2015, 13:08
0
Қостанай ІІБ қызметкері көлігінде атылып өлмек болды - ©Kstnews.kz
©Kstnews.kz
Қостанай ІІБ қызметкері көлігінде атылып өлмек болды - ©Kstnews.kz
©Kstnews.kz
Қостанай ІІБ қызметкері көлігінде атылып өлмек болды - ©Kstnews.kz
©Kstnews.kz
Қостанай ІІБ қызметкері көлігінде атылып өлмек болды - ©Kstnews.kz
©Kstnews.kz

Қостанай ішкі істер басқармасының қызметкері көлігінде атылып өлмекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай қаласы ішкі істер басқармасы қызметкерінің суицид жасауға әрекеттенуі дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Оның айтуынша, Қостанай ішкі істер басқармасының өзін-өзі өлтірмек болған қызметкері қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Оның денсаулығы жайлы әзірше еш мәлімет жоқ. Оқиғаның мән-жайы да белгісіз.

Айта кетейік, осыған дейін "Костанайские новости" өңірлік газетінде полиция қызметкерлерінің Майлин мен Жеңіс көшелерінің қиылысындағы жолдың бөлігін қоршауға алғаны жайлы ақпарат тараған еді. Басылымның мәліметінше, қоршауға алынған жерде қара түсті Lada маркалы автокөлік тұр. "Куәгерлердің айтуынша, көлікті полицейлер қуған. Автокөлік тоқтатылды. Одан кейін жедел жәрдем келді. Автокөлік ішіндегі ер адам өз-өзіне оқ атты. Баспасөз қызметі таяу арада осыған байланысты пікір білдіреді", - делінген басылымда. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай