Қостанайда бір топ қыз сексуалдық құлдықтан босатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық сурет © Delfi Иллюстрациялық сурет © Delfi

Қостанай облысының ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері 12 қызды сексуалдық құлдықтан құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері 12 қызды сексуалдық құлдықтан құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейлер қыздарды жезөкшелікке тартумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Қазіргі кезде 24 және 31 жас аралығындағы алты күдікті ұсталды. Олардың арасында екі қыз бар. 

"Олар таныстары арқылы қорғансыз, ақшаға мұқтаж және баспанамен қиындықтары бар қыздарды іздеген. Қыздармен танысып, оларды пәтерге шақырып, ішімдік ішкізген. Осыдан кейін оларды қорқытып жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген", - дейді полицейлер. 

Осындай жолмен олар 12 қызды (18 бен 32 жас аралығы) жезөкшелікке тартқан. 

"Осыдан кейін бірден құжаттарын тартып алып отырған. Көбі толық емес отбасынан, үш қыз жетімдер үйінің түлегі болғандықтан, мүлде жақындары жоқ. Кей уақыттары қыздарға туыстарына қоңырау шалуға рұқсат беріп отырған. Алайда жандарында отырып, қатаң бақылап отырған", - дейді ІІД өкілдері. 

Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 308, 309, 262-баптың 1,2-тарауы бойынша төрт бірдей қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 126 және 128-бабымен қарастырылған қылмыстық іс белгілері қарастырылып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro