12 шілде 2017 08:19

Қостанайда жоғалған сегіз жастағы бала өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жоғалған сегіз жастағы Игорь Коцкий өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.


Қостанайда жоғалған сегіз жастағы Игорь Коцкий өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, баланың мәйітін құтқарушылар 11 шілдеде сағат 17.00-де Тобыл өзенінің жағасында Корей көпірінің маңында тапқан. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Облыстық прокуратурадағылар баланың мәйіті табылғанын растап отыр, олардың болжамына қарағанда, Игорь Коцкий суға батып кеткен. 

"10 маусымда суда іздестіру шараларын жүргізген еріктілер тобы облыс прокурорына Facebook арқылы үндеу жасап, шлюзді жабуды сұрады, себебі судың жылдамдығы зор болып, іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Прокуратура бұл істі тындырғаннан кейін еріктілер жұмысқа кірісті, баланың мәйіті табылды", - деп хабарлаған еді прокуратура өкілдері. 

Бала 4 шілдеде жоғалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети