06 маусым 2022 12:29

Қостанайда коттеджден өрт шықты: қаза тапқандар бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ng.kz Фото: ng.kz

Қостанайда екі қабатты коттеджден өрт шығып, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды "Наша Газета".


Қостанайда екі қабатты коттеджден өрт шығып, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды "Наша Газета".

Басылым мәліметінше, оқиға 6 маусымға қараған түні болған. Абай даңғылы мен Лермонтов көшесі қиылысында орналасқан екі қабатты коттеджден өрт шыққан. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер үйдің терезелерін қағып, тұрғындарды оятқан.

Сурет: "Наша газета" басылымынан

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның айтуынша, өрт шыққаны туралы хабар сағат 00:06-да түскен.

"Оқиға орнында денесін 1-дәрежелі күйік шалған төрт зардап шегушіге көмек көрсетілді. Сондай-ақ, денесін 4-дәрежелі күйік шалған екі адамның денесі табылды", - деді ол.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған жайт туралы толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети