09 қыркүйек 2021 18:15

Қостанайда шалшық суға асфальт төсегендер жұрттың ашуына тиді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қостанайдағы жол жөндеушілер шалшық суға асфальт төсеп жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Қостанайдағы жол жөндеушілер шалшық суға асфальт төсеп жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапасыз жасалып жатқан жол желі қолданушыларының ашуына тиді. Кадрдардан шалшық су үстіне асфальт төселіп жатқанын көруге болады.

Әкімдік Строительная көшесінің бойында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алайда жақын маңда су құбыры жарылып су жолды басып қалған.

"Мердігер жұмысты тоқтатып, асфальт төсеу үшін басқа учаскеге ауысты. "Қостанай-Су" қазір апаттың алдын алып, жөндеу жұмыстары жүретін учаскеден суды сорып алады. Барлығы дұрысталғаннан кейін, қайта жұмыс басталады", - деді Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети