1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қостанайда ұсталған жолсерікке ескерту жасалды

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қостанайда теміржол вокзалының перронында ұсталған жолсерікке ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдың Ішкі істер желілік бөлімінің кезекші бөліміне 1988 жылғы жолаушы Қостанай-Арқалық бағытындағы пойыздың вагондарының біріндегі жолаушының атына арыз түсірген.

"Жолаушы әйелдің айтуынша, жолсерік өзін дөрекі ұстаған, айғайлаған, жолаушыларға дөрекі сөздер айтқан. Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері оны полиция бөлімшесіне баруды сұрағанда ол бас тартқан. Алайда жолсерік заң талаптарын орындамай,әкімшілік құқық бұзушылық жасады", - деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, ер адам Ішкі істер желілік бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілді. Ол полиция бөлімшеінде кінәсін толықтай мойындады. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабының 1-бөлігі бойынша ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") әкімшілік хаттама толтырылды.

Осылайша, 2018 жылдың 31 шілдесінде Қостанайдың мамандандырылған арнайы сотының үкімімен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда жолсеріктің ұсталған сәтінің видеосы жарияланған болатын.

Доллар арзандады
Доллар арзандады