01 қараша 2019 | 13:41

Қостанайда зейнеткерді ұрып-соққан Lexus жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Полицейлер Қостанайда егде жастағы ер адамды ұрып-соққан күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Қостанайда егде жастағы ер адамды ұрып-соққан күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қостанай қалалық полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімі басшысының орынбасары Сергеу Бугай 41 жастағы күдіктінің ұсталғанын айтты. 

"Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. (...) Анықталған тұлға жеке фирмада жұмыс істейді. Ол зейнеткердің бетінен ұрып, ісірген, бұл денсаулыққа жеңіл жарақат келтіру болып есептеледі", - деді Сергей Бугай. 

Айта кетейік, оқиға 23 қазанда гараж массивінде болған. 69 жастағы Анатолий Шевцов гаражына жақын маңда тоқтап, артына жалғанған тіркемені ажыратпақ болған. Ер адам осылайша жолдың бір бөлігін жапқан. 

Осы кезде жол бойымен жол талғамайтын көлік келе жатқан. Зейнеткер жапондық көліктің жүргізушісіне жолдан шығып кетуіне көмектесіп, нұсқап тұрады. Сосын Lexus жүргізушісі көлігінен түсіп, зейнеткерге жақындайды. Бір кезде ол кенеттен егде жастағы ер адамға соққы жұмсайды. Анатолий жауап қайтармақшы болады, алайда есесіне тағы бірнеше соққы алады. Шабуылдаған ер адам оның мұрнын бұзып, тісін сындырған. Сосын көлігіне отырып, кетіп қалған. 

Анатолий полицияға шағымданған, әзірге шабуылдаған ер адамды таппаған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети