01 қараша 2019 10:49

Қостанайда Lexus жүргізушісі зейнеткерді ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қостанайда Lexus жүргізушісі егде жастағы ер адамды ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Алау".


Қостанайда Lexus жүргізушісі егде жастағы ер адамды ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Алау".

Оқиға 23 қазанда гараж массивінде болған. 69 жастағы Анатолий Шевцов гаражына жақын маңда тоқтап, артына жалғанған тіркемені ажыратпақ болған. Ер адам осылайша жолдың бір бөлігін жапқан. 

Осы кезде жол бойымен жол талғамайтын көлік келе жатқан. Зейнеткер жапондық көліктің жүргізушісіне жолдан шығып кетуіне көмектесіп, нұсқап тұрады. Сосын Lexus жүргізушісі көлігінен түсіп, зейнеткерге жақындайды. Бір кезде ол кенеттен егде жастағы ер адамға соққы жұмсайды. Анатолий жауап қайтармақшы болады, алайда есесіне тағы бірнеше соққы алады. Шабуылдаған ер адам оның мұрнын бұзып, тісін сындырған. Сосын көлігіне отырып, кетіп қалған. 

Анатолий полицияға шағымданған, әзірге шабуылдаған ер адамды таппаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети