10 қыркүйек 2021 15:54

Қостанайдағы балалар алаңында 8 жастағы қыздың басына әткеншек құлап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда ойын алаңындағы әткеншек сынып, 8 жастағы қыздың үстіне құлап кетті. Баланың басы жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда ойын алаңындағы әткеншек сынып, 8 жастағы қыздың үстіне құлап кетті. Баланың басы жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанай қаласы орталығындағы аулалардың бірінде болған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, үш қыз аулада ойнап жүрген. Балалардың біреуі әткеншекке отырған сәтте, ол сынып, құлап кеткен. Әткеншектің металл тірегі жақын жерде тұрған 8 жасар қыздың басына түскен.

"Бала үйге жылап келіп, есікті қақты. Оны көргенімде басынан қан ағып тұрды. Мен дереу жедел жәрдем шақырдым, бірден келді, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, алып кетті. Басы жарылған, үш тігіс салды. Балалар әткеншекте отырғанда, тірек құлап кеткен", - дейді жараланған қыздың анасы Елена Богданова. 

Әйел бірден полицияға арыз жазған. Кейін ол кім жауап беретінін білу үшін пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне келгенде, олар тек әткеншек алып тасталатынын айтқан. Өйткені, оларды бұрын сол сервистік ұйым қызметкерлері жөндеген.

"Алаңды үш жыл бұрын қаланың ТКШ бөлімі арқылы орнатқан, онда тендерлік негізде мердігерлер болған. Біздің баланста емес, тек қызмет көрсету. Барлық алаң мен корт тұрғындар меншігінде. Бұрын мен әткеншекті тексеретін едім, бірақ әткеншектің бұзылғаны байқалмады. Бұл архитектуралық нысандар жасалатын материалдың сапасына кім жауапты екенін білмеймін", - деді "Восход" Пәтер иелерінің тұтыну кооперативі төрағасы Ғалия Исмағұлова.

Полиция департаменті мәліметінше, ҚР ҚК-ның 306-бабы, яғни "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша тергеу басталған. Тергеу қорытындысы бойынша шешім қабылданады, ал әзірге істің барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети