30 желтоқсан 2014 12:10

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің асханасынан стафилококк табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласындағы қазақ-түрік лицейі. ©kstnews.kz Қостанай қаласындағы қазақ-түрік лицейі. ©kstnews.kz

Санитар дәрігерлер Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің асханасынан алтын түсті стафилококк тапты, - деп хабарлайды "Наша газета" тұтынушылардың құқықтарын қорғау облыстық департаменті жетекшісінің орынбасары Владимир Нечитайлоға сілтеме жасап. Бұған дейін лицей оқушыларының жаңажылдық шарадан соң жаппай уланып қалғаны хабарланған болатын. 


Санитар дәрігерлер Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің асханасынан алтын түсті стафилококк тапты, - деп хабарлайды "Наша газета" тұтынушылардың құқықтарын қорғау облыстық департаменті жетекшісінің орынбасары Владимир Нечитайлоға сілтеме жасап. Бұған дейін лицей оқушыларының жаңажылдық шарадан соң жаппай уланып қалғаны хабарланған болатын. 

Лицейде санитар дәрігерлер тексеру жүргізген. "Бүгінде біз тағам өнімдері құрамында алтын түсті стафилококк болған деп нақты айта аламыз. Бірақ оны асхананың жеті қызметкерінің қайсысы таратқаны әзірше белгісіз. Олардың бәрінен сынама алынды", - деп хабарлады Нечитайло. Мамандар сонымен бірге лицей оқушылары ротавирус инфекциясынан зардап шекті деп отыр.

Бүгін, 30 желтоқсан күні лицейдің жаппай уланған оқушыларының 14-і ауруханадан шығарылды. Ертең тағы екеуі үйлеріне жіберіледі. "Балалардың бәрі Жаңа жылды үйлерінде қарсы алады", - дейді департамент бастығының орынбасары. 

25 желтоқсан күні Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің бірнеше оқушысы уланып қалып, дәрігерлерге көрінген болатын. Олардың басы айналып, қызуы көтерілген, құсқан. Зардап шеккендердің арасында 10-сыныптың бір оқушысы бар, қалғандары - 7-8 сынып оқушылары. Полиция оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша ҚР ҚК 267-бабымен қылмыстық іс қозғады. Бұдан кейін жаппай уланған оқушылардың қатары 37-ге жеткені хабарланды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 24 желтоқсан күні қазақ-түрік лицейінде ата-аналардың қатысуымен жаңажылдық шара болған, оған ата-аналар түрлі тағам алып келген. Ата-аналардың айтуынша, оқушылардың бір бөлігі мерекені лицейден тыс жерде атап өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети