16 ақпан 2023 09:59

Қостанайдағы колледж кіреберісінде күзетшілер студенттен пышақ тәркіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kstnews.kz Фото: kstnews.kz

Қостанай политехникалық колледжінің бақылау-өткізу орнында студенттен пышақ тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.


Қостанай политехникалық колледжінің бақылау-өткізу орнында студенттен пышақ тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 15 ақпанда болған. Металл іздегішпен тексеру кезінде бірінші курс студентінен жиналмалы пышақ табылған. Күзетші 102-ге хабарласты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тыйым салынған зат тәркіленіп, 18 жастағы студент полиция бөліміне жеткізілген.

"Осы оқу орнына іс-шараға келген студент – басқа колледждің студенті екені анықталды. Ол ата-анасына үй шаруасына көмектескенін, содан кейін жиналмалы пышақ күртесінің қалтасында қалып қойғанын және ол туралы ұмытып кеткенін айтты. Сараптама пышақ ұрыс қаруы емес екенін көрсетті. Студентпен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқиға туралы оның ата-анасына хабарланды. Барлық қажетті шаралар жасалған соң үйіне шығарылды", - деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

kstnews.kz

ПД қазір облыстың барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети