15 мамыр 2018 17:09

Қостанайлық қызды 14 адам жабылып зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде тұратын 22 жастағы қыз 14 адамның жабылып зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның ісін елімізде белгілі адвокат Айман Омарова қолға алып отыр.  


Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде тұратын 22 жастағы қыз 14 адамның жабылып зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның ісін елімізде белгілі адвокат Айман Омарова қолға алып отыр.  

Қыз заңгерге оқиғасын баяндап, хат жазған.

"Әділдік орнауы үшін сізге хат жазып отырмын, басымнан өткен қиын жағдайды қысқаша баяндайын. 2017 жылдың 9 шілдесінде сыныптасымның тойына бардым. Тойлау кезінде сыныптасымның қалыңдығы өзімен бірге әжетханаға баруды сұрады. Жүктілігі болғандықтан, қорқып тұрған шығар деп ойладым. Жолда біздің маңымызға көлік тоқтап, одан Е.М. деген азамат шығып, еркімнен тыс көлігіне отырғызып, алып кетті. Көлік жақындаған кезде менімен бірге шыққан қыздың күйеуі келді. Оны көріп, "көмектесіңдер" деп айғай салдым. Ол көмектеспеді. Көлік бірден жүріп кетті", - делінген жәбірленушінің хатында.

Оның айтуынша, көлікте бірнеше адам болған. Кейін олар қызды ауыл шетіне шығарып, зорлаған. 

"Бірінші болып Е.М. зорлай бастады, кейін А. О., Е., Т., Н. С. Осыдан кейін олар мені кафеге апарып, тастап кетті. Ұзақ уақыт есімді жия алмай, үйге әрең жеттім. Оқиғаны біреу-міреуге айтатын жағдайым болмады. Қатты қорықтым", - дейді қыз. 

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, осы оқиғадан кейін жәбірленуші тағы да топ адамнан зорланған. Бұл кезде оны 14 адам зорлапты-мыс.  

"Бірінші оқиғадан кейін ол таныстарының үйіне қонақ болған. Үйіне қайтып келе жатқанда алдынан бір топ жігіт шыққан. Оны тағы да ұстап алып, 14 адам жаппай зорлаған. 13-ін таниды, қалған біреуін көрсе ғана таниды, бірақ атын білмейді. Бұдан кейін оны тағы да бір топ адам зорлаған. Соңында ол жүкті болып қалған", - деп баяндады қыздың оқиғасын Айман Омарова.

"Олар қалағанын жасап, зорлады, сол жерде тастап кетті", - делінген ауыл тұрғынының хатында.

Құқыққорғаушының айтуынша, қазір қыз жүктіліктің жетінші айында. Қыздың отбасы оқиғадан кейін ауылдан көшіп кетуге мәжбүр болыпты. Адвокат қыздың неліктен бірден полицияға хабарламағанын түсіндірді.

"Ұялған, өте шағын ауыл ғой, бәрі бір-бірін таниды. Біздің халық "ұят" айғайлай береді ғой. Қалада тұратындарға оңай. Ал ауылда тұратын қыздар мен әйелдерге өте қиын. Сол үшін айта алмаған. Мұндай жағдайды бастан кешірген қыздар өте көп", - деген Айман Омарова қыздың адвокаты болуға келісім бергенін айтты. 

"Қыз Арқалық полициясына арыз жазды, тергеу жүріп жатыр. Әзірше барлығынан бірдей жауап алып біткен жоқ. Қазір ғана Қостанай облыстық ІІД өкілдері қоңырау шалды, тергеу басқармасының басшысы істі облыс алғанын айтты. Қостанай облыстық ІІД тергеу жүргізетін болды", - деді адвокат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети