31 қазан 2023 10:17

Костенко атындағы шахтадан соңғы кеншінің денесі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада соңғы, 46-шы кеншінің денесі табылды. Бұл туралы сейсенбіде үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада соңғы, 46-шы кеншінің денесі табылды. Бұл туралы сейсенбіде үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің мәйіті мен қаза тапты деп болжанған 46-шы адамның денесі табылды. Қазір қаза тапқан 40 адамның жеке басы анықталып, 6 адамның жеке басы анықталмады. Оларды анықтау үшін қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. ДНК сараптамасы қажет болады", - деді министр.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны - 45 адам. Соңғы, 46-шы кеншінің денесі іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: жеке басы анықталған кеншілер тізімі белгілі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети