06 маусым 2016 12:49

ҚР ІІМ өкілі Ақтөбеде жүргізілген арнайы операцияға қатысты жаңа мәліметтер айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілдері Ақтөбеде жүргізілген арнайы операция жайында жаңа мәліметтер айтып, ұсталған және өлтірілген қылмыскерлер жөніндегі ақпаратты нақтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ІІМ өкілдері Ақтөбеде жүргізілген арнайы операция жайында жаңа мәліметтер айтып, ұсталған және өлтірілген қылмыскерлер жөніндегі ақпаратты нақтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Паллада" дүкеніне шабуыл жасағаннан кейін қаруланған қылмыскерлердің екі топқа бөлініп кеткені белгілі болды. Қылмыскерлердің 6 адамнан тұратын бір тобы ұрланған патрульдік автокөлікпен тағы бір қару-жарақ дүкені - "Пантераға" шабуыл жасап, екі адамды пышақтаған. Олардың бірі сол жерде қаза тапса, екіншісі жарақат алды.

"Пантера" дүкеніне келген полиция қызметкерлері атыс кезінде үш қылмыскердің көзін жойып, біреуін ұстады. Тағы біреуі жарақат алды, екі қылмыскер жасырынып үлгерді. Қаруланған олар бірнеше уақыттан кейін қала сыртында өлтірілді.

Қылмыскерлердің екінші тобы қоғамдық көлікті басып алып, жолаушыларды түсіріп жіберген. Өздері басып алған автобуспен олар Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің қақпасын бұзып өтіп, сол жерде полицейлермен және әскерилермен атысты. Қарқынды қарсылыққа тап болған қылмыскерлердің бір тобы қоршауға алынса, екінші тобы жасырынып қалды.

Атыс барысында бір қылмыскердің көзі жойылып, біреуі жаорақат алған. Ұлттық ұланның әскерилерінен 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақаттанды. "Паллада" дүкенінің қасында жүргізілген іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 5 адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Түнгі жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлерге қарсылық танытқан тағы 5 қылмыскердің көзі жойылды, 2 қылмыскер ұсталды. Қылмыскерлерден ұрланған қарудың көп бөлігі тәркіленді.

"Қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлердің аты-жөні толықтай анықталды. Оларды іздеу және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимі енгізілді. Операцияға елдің ішкі істер органының жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Ақтөбедегі жағдай тұрақты, кәсіпорындар мен қоғамдық көліктер күнделікті режимде жұыс істеп тұр", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети