Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатына түскен отандасымызға көмек көрсетеді. Бұл туралы журналистерге ведомствоның ресми өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатына түскен отандасымызға көмек көрсетеді. Бұл туралы журналистерге ведомствоның ресми өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Түркияда жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан Константинге қатысты айтатын болсақ. Ол қазір ес-түссіз халде ауруханада жатыр. Түрік медициналық тәжірибесіне сәйкес, ес-түссіз жатқан тұлғалардың еміне қажетті қаражат мемлекеттік медициналық сақтандыру есебінен, сонымен қатар, жол апатына кінәлі тараптың есебінен төленеді", - деп хабарлады Астанада дүйсенбі күні журналистерге ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
Оның айтуынша, СІМ өкілдері ауруханаға барып үлгерді және елші де бүгін кіріп шығуға ниеттеніп отыр. "Біз қолымыздан келгеннің барлығын істейміз және көмектесеміз. Осы сәтті пайдаланып, барлық азаматтарға аса сақ болуды тағы бір мәрте ескерткім келеді. Константинге қатысты мәселе тиісті сақтандыру полистерінің болуы мен қажеттігі туралы мәселені көтереді. Қазір ол әзірше мемлекеттік сақтандырудың есебінен емделіп жатыр, бірақ алдағы уақытта оңалту мәселесі қаралатын болады", - деді Абибуллаев.
Еске сала кетейік, жол апаты 9 маусымда болды. Константин Иванов досы Әлішермен бірге Памукалледен Анталияға жеңіл автокөлікпен келе жатқан. Жігіттер көліктің артқы орындығында отырыпты. Жолда автокөлік жоғары жылдамдықпен жолдың қарсы бағытында келе жатқан Mercedes автокөлігіне соғылды. Жол апатынан Константин қатты зардап шекті. Ол ашық бассүйек-ми жарақатын алды, оң қолы сынды және тағы да басқа. Қазақстан азаматын ауруханаға алып келгенде ол тыныс алмай жатқан. Алайда түріктің жеке емханаларының бірінде оған күрделі операция жасалды, бірақ ол әлі күнге есін жиған жоқ. Ол комада жатыр. Әлішердің беті тілінген, ол ауруханадан шықты. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі 1950 жылғы жергілікті тұрғын екені анықталды. Ер адамды полицейлер ұстады, бірақ кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.