30 маусым 2021 09:08

Куәгерлер иесі көлігімен сүйреп бара жатқан итті құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер итті көлігімен сүйреп бара жатқан адамға тап беріп, жануарды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Куәгерлер итті көлігімен сүйреп бара жатқан адамға тап беріп, жануарды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Талғар тасжолында болған. Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп, almaty_pomosh_zhivotnym Instagram-парақшасында жариялаған. 

"Жүргізушіге шабуыл жасап, көлікті шетке қарай итеруге тура келді. Бірнеше көлік болды. Көлікте жүргізушіден бөлек кішкентай балалар болды. Үш жүк көлігі мен төрт жеңіл көліктің арқасында жүргізушіні тоқтатып, жіпті кесіп, итті босаттық. Қатты зардап шеккен, үсті-басы қан, бірақ аман қалған", - дейді куәгерлердің бірі. 

Ит ветеринарлық клиникаға жеткізіліп, жаралары таңылды. Куәгерлер бірден полицияға арыз жазған. Итті көлігіне байлап алып, сүйреген ер адамды құқыққорғау органдарының өкілдері іздестіріп жатыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети