Құтқарушылар Алматыдағы Алатау ауданындағы Алғабаста тағы бір үй қисайып қалды деген хабарды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖД баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, үйдің қисайғаны жайлы мәлімет тұрғындардан келіп түскен. "Алғабас-6" ықшамауданы, тоғыз қабатты екі кіреберісі бар тұрғын үй. Үйдің қисайып қалғаны жайлы мәлімет болды. Визуалды түрде үйдің қисайғаны байқалады, алайда оның қаншалықты қисайғанын мамандар анықтайды. Қазір олар оқиға орнына шығып кетті. Бұл мамандар тұрғындарды эвакуациялау бойынша шешім қабылдады", - деді Иманқұлов.
ТЖК мәліметінше, бұл тоғыз қабатты үйге тұрғындар 2016 жылдың 27 шілдесінен бастап көшіп келген. Үйде 54 пәтер. Айта кетейік, Алматы ТЖД өкілдері оқиға орнында. "Визуалды түрде үй бүлінбеген. Жарық түспеген", - деді ТЖД өкілдері.
Еске салайық, Алматыда осыған ұқсас оқиға биыл 2 маусымда болған еді. Жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған.