Жамбыл облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жасөспірімнің денесі Талас өзенінен 20 шақырым жерден табылды. Төтенше жағдайлар бөлімшесінің күшімен оның денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне жіберілді", - деді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Талас өзеніне құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 21.45-те Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Байзақ аудандық ІІБ-нен сағат 17.30-да Сарыкемер ауылы Байзақ ауданының кәмелет жасына толмаған 2004 жылғы тұрғынының Талас өзенінде ойнап жүріп, сол жаққа батып кеткен болуы мүмкін екені жайлы хабарлама келген.