Қырғызстанда қаруы бар қазақстандық ұсталды

19 Ақпан 2015, 17:24
0
Қырғызстанда қаруы бар қазақстандық ұсталды - "Лидер" тапаншасы. ©popgun.ru
"Лидер" тапаншасы. ©popgun.ru

Қырғыз Республикасында Қазақстанның қарулы азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, 19 ақпанда "Ақ-жол автожолы" бақылау-өткізу бекетінде травматикалық тапаншасы бар Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Қазақстаннан Қырғызстан аумағына өтпекші болған.

"Ұсталған азаматқа тиесілі Lexus GS-300 автокөлігін тексеру барысында "Ақ-жол автожолы" бекетінің шекарашылары көліктен “Лидер” тапаншасы мен жеті оқты тауып, тәркіледі. Қазақстан азаматының қаруды қолдануға рұқсат берген құжаттарының мерзімі өтіп кеткені анықталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан азаматына қатысты тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін ол Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шу облыстық басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай