27 қазан 2021 13:03

Қытайдағы химия зауытында жарылыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан химия зауытында қатты жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Beijing Today сайтына сілтеме жасап.


Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан химия зауытында қатты жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Beijing Today сайтына сілтеме жасап.

Басылым 27 қазанға қараған түні Цзыбо қалалық округінің Гаоцин уезіндегі химия зауытында жарылыс болғанын хабарлады. Жарылыс 20 шақырымға дейін естілген, сондай-ақ, зауыт аумағын қалың түтін басқан.

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті. Жақын маңдағы жолдар жабылды. Жарылыстың себептері әлі айтылған жоқ. Жергілікті құтқару қызметі апат болған жерде жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Қытайдың поликремний зауытында жойқын жарылыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети