07 тамыз 2017 16:45

Қызылорда облыстық ІІД полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті полицей мен үш ер адамның төбелесі түсірілген видеоға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде полицейлер мен үш ер адамның Қызылордадағы полиция бөлімшесінің маңында төбелескені түсірілген видео пайда болған еді. Видеодан полицейдің бастапқыда бір ғана ер адаммен төбелесіп жатқаны, кейіннен ол төбелеске тағы бір ер адамның қосылғаны көрінеді. Ал видеоның соңында басқа бір полицейдің өтіп бара жатқан адамның велосипедін тартып алғанын байқауға болады.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы видео бойынша қызметтік тексерістің жүргізіліп жатқанын және оның қорытындысы қосымша хабарланатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети