Қызылордалық полицейлер ер адамның көлігіне "есірткі салып жіберген" - Видео

29 Желтоқсан 2017, 11:59
1
Қызылордалық полицейлер ер адамның көлігіне "есірткі салып жіберген" - Видео - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Қызылордада полицейлер ер адамды тұтқындап, оның көлігінен ірі көлемде есірткі заттарын тапқан. Бұл туралы ұсталған ер адамның әйелі әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді. Әйел адамның ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шара қолдануды сұраған видеосы жылдам таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әйел адам өзін Эльвира Маханова деп таныстырды.

"14 желтоқсан сағат 18:30 шамасында күйеуім Барахатов Русланды полиция қызметкерлері ұстады. Көліктің артынан көп мөлшерде есірткі заты табылды", - дейді әйел. 

Ары қарай ол видеодағы жағдайды түсіндіреді. 

"Қазір ақ Lada Priora келеді. Осы кезде екі спецназ менің күйеуімді түсіріп жатыр. Осы кезде сол машинадан түскен адам күйеуімнің машинасының артқы есігін ашып, толықтай ішіне кіріп, бір затты салды. Есікті жауып, ары қарй кетіп қалды", - дейді Маханова.

Қызылорда облысы ІІД-нің өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Аталған дерек 2017 жылғы 19 желтоқсанда Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 416-бабының 4-бөлігімен тіркеліп, Қызылорда облысы Ішкі Істер Департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тергеп-тексеру жұмыстары басталды", - дейді ведомство өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай