11 шілде 2014 16:42

Лагерьде демалған қыздың неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы Аружан Әбілдинаның денесіне жүргізілген сараптаманың нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 


Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы Аружан Әбілдинаның денесіне жүргізілген сараптаманың нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

"Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 138-бабы, 2-тармағы - "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сарапшысының алдын ала қорытындысына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өліміне екіжақты пневмония, неврит, нақты белгілері жоқ сол жақтағы жарақаттың жарылуы, өзінен-өзі жарылу себеп болды", - деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, "Континент" атты балаларды сауықтыру лагерінде демалған тоғыз жастағы Аружан Әбілдина ауруханаға ессіз күйде жеткізілген болатын. Ол 9 шілде күні Көкшетау қаласындағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай қыз ішек инфекциясынан мерт болды. Оның анасы - Перизат Әбілдина болса, бәріне лагерь тәрбиешілері кінәлі деп санайды. Ол соттың көмегіне жүгінуге мүдделі. Лагерь басшылығы болса, әзірше қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Бұған дейін Ақмола облыстық ішкі істер департаменті қайтыс болған қыздың ішіне зақым тиді деп алдын ала қорытынды жасаған болатын. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұл мәселені жеке бақылауына алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети