09 ақпан 2024 09:59

Лай көшкіні кезінде қаза тапқан баланың досы: "Екі сағат бұрын ғана сөйлескен едім"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/almaty_akimat Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыдағы апат кезінде қаза тапқан Денис Шиннің досы онымен қайғылы оқиғаға дейін, екі сағат бұрын сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы апат кезінде қаза тапқан Денис Шиннің досы онымен қайғылы оқиғаға дейін, екі сағат бұрын сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан егіздердің бірінің досы редакцияға хабарласты. Ол Денис пен Сергей туралы, сондай-ақ олардың Мәскеуде оқып жатқан үлкен ағасы Дмитрий туралы толығырақ айтып берді.

Денис Шин, фото: Арыстан Әбілқаев

"Мен ата-анасымен таныс емеспін, бірақ Дениспен араласатынбыз. Дмитрий - үлкені, ол 21 жаста. Кішілері егіз, олар 16 жаста. Олардың анасы - кәріс. Өгей әкесімен тұрады, ал туған әкелері, менің білуімше, басқа елде тұрады. Мен Дениспен бір жыл бұрын "Медеуде" танысқанмын, біздің ортақ достарымыз бар. Бірге серуендеп, көп уақытты бірге өткіздік. Ұлдар №48 мектептің 9-сыныбында оқыды", - дейді Денистің досы Арыстан Әбілқаев.

Денис достарымен. Ортада – Арыстан Әбілқаев, оң жақта – Денис Шин

Арыстан үйдің еңісте орналасқанын хабардан білген. Оның айтуынша, бұл үйде отбасы ұзақ уақыттан бері тұрып келеді.

"Сергей спортты жақсы көретін, спортқа бейім бала. Денис кітап оқуды, ойын ойнағанды ​​ұнататын. Төтенше жағдай түнде болды, менің ойымша, олардың шығуға, жүгіруге мүмкіндігі болмады. Дениспен соңғы рет 8 ақпанға қараған түні сөйлестім. Сағат түнгі 11 болған, екі сағаттан кейін қайғылы оқиға болды. Жай жағдайын сұраған болатымын. Менде үлкен ағасының нөмірі бар, ол бүгін немесе ертең Алматыға ұшып келуі керек. Дима Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінде оқиды. Диманың тегі - Шин. Ұзын бойлы, ірі жігіт, шамамен 185 сантиметр. Мектептегі досым арқылы танимын, олар бірге оқыған", – дейді Арыстан.

Еске салайық, Алматыда 8 ақпанға қараған түні лай көшкіні жүріп, тұрғын үйдің үстіне құлаған болатын. Апат салдарынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети