07 мамыр 2022 11:43

Іле Алатауында ерлі-зайыпты құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іле Алатауында ерлі-зайыпты құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Іле Алатауында ерлі-зайыпты құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 мамырда сағат 17.03-те ҚР ТЖМ РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне ер адам мен әйелдің Шымбұлақ шыңы маңына өздігінен түсе алмайтыны туралы хабар келіп түскен. 8 адамнан тұратын жедел топ тауға шыққан.

18.15-те құтқарушылар Талғар асуына келіп, жаяу жүріп, зардап шеккендерге жеткен. Тұман мен қар салдарынан қиындықтар туындаған. 19.10-да РЖҚЖ құтқарушылары құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірге зардап шеккендерді тауып, оларды түсіре бастаған. Нәтижесінде 1997 жылы туған әйел мен 1996 жылы туған ер адам құтқарылған.

РЖҚЖ құтқарушылары тауға шығар алдында тұрғындарға таудағы ерекшеліктермен мұқият танысып, күннің бірінші жартысында жолдың алғашқы бөлігін еңсеру керегін, сонымен қатар, туыстары мен жақындарына қалаға оралатын уақыт туралы ескертуді ұмытпау қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети