Маңғыстау облысында 200 жасөспірім қыз жүкті болып қалған

10 Желтоқсан 2016, 10:25
3
Маңғыстау облысында 200 жасөспірім қыз жүкті болып қалған -

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 200 қыз жүкті болып қалған, Олардың арасында ең кішісі 15 жастағы мектеп оқушысы. 98 қыз қазіргі уақытта ана болып үлгерген. Бұл туралы "Мой Город" порталына аймақтың штаттан тыс бас педиатры Нұрсұлу Мұхамбетиярова хабарлады.

Жүктілік бойынша тізімге тұрғандардың басым бөлігі - ауылда тұратын қыздар. Олардың ішінде 15-18 жас аралығында 128 қыздың жүкті болып қалған жағдайы тіркелген. Ал 70-тен аса қыз қалалықтар екен. Тағы 38 жүкті қыз Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келгендер. 

"17 жастағы қыздардың бірі Ақтауға басқа қаладан оқуға келіп, туыстарының үйінде тұрып жатыр. Ол жігітпен танысып, оның үйіне көшіп барған. Бірге өмір сүрудің нәтижесінде ол бала көтеріп қалып, жігіті баладан бас тартқан. Қыз психологиялық көмек көрсету жедел желісіне хабарласқан. Оған психологтар кеңес айтып, аборт жасатудың қажеті жоқ екенін айтумен болды. Біз оны есепке алдық. Ол босанғанда, ата-анасы келді", - деді педиатр. 

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімдердің жүктілігіне контрацепция құралдары мен аборттың салдарын білмеу екен. 

Ал осыған дейін Алматы облысында жыл басынан бері 437 жасөспірім қыздың жүкті болып қалғаны хабарланған. болатын. Олар 15-17 жас аралығында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай