01 қазан 2021 17:28

Маңғыстау облысында бес тұрғын жемқорлық туралы хабарлағаны үшін сыйақы алды

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының бес тұрғыны сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 760 мың теңге сыйақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысының бес тұрғыны сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 760 мың теңге сыйақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне сілтеме жасап. 

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтарды көтермелеу шараларын "пәрменді тетік" деп атады.

"Қазақстанда азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған. Қазір сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына қарай осы соманың 10 пайызына ие болады. Бұл ретте ең жоғары сыйақы - 4 000 АЕК немесе 11,6 миллион теңгеге дейінгі сома. Департамент бес адамды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 760 мың теңгеге марапаттады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" туралы ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия.

Сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда Агенттіктің 1424 нөміріне, сондай-ақ, Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне 8 (7292) 319110 қоңырау шалуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети