Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы жүк көлігімен соғысты

28 Қаңтар 2016, 21:35
0
© Lada.kz
© Lada.kz

Маңғыстау облысында Алматы - Маңғышлақ хабарламасындағы жолаушылар пойызы жүк көлігімен соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға Астана уақыты бойынша 16.30-да болды. Жүк көлігінің жүргізушісінің оқыстан жүріп кеткені айтылады. Машинист болса пойызды тоқтатуға тырысқан, бірақ ара-қашықтық жақын болғандықтан соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.  

"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оқиға Маңғышлақ - Бейнеу өткелінде болған.  

"28 қаңтарда, 16 сағат 30 минутта Маңғышлақ - Алматы хабарламасындағы №377 жолаушылар пойызы Маңғышлақ - Бейнеу учаскесінің №6 разъезінің маңында жүк көлігінің жүргізушісінің кінәсінен соқтығысу болған. Машинистің айтуынша, автомашина өткел алдында тұрған. Кейін автомобиль жүргізушісі оқыстан қозғалып кеткен. Машинист сағатына 50 шақырым жылдамдықта шұғыл тоқтатуды іске қосқан, бірақ ара-қашықтықтың аз болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады", - деп хабарлады компаниядағылар. 


© Lada.kz

ҚТЖ мәліметінше, газ цистернасын тасымалдайтын автомашина "Қарақұдық Мұнай Газ" акционерлік қоғамының иелігінде. Соқтығысудың салдарында локомотивтің бірінші секциясы бүлінді. Көлік жүргізушісі мен машинистің көмекшісі зардап шекті. "Өту дабылының құрылғысы бүлінбеген. От шықпады. Тергеуге және соқтығысудың салдарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін оқиға орнына Маңғыстау жолының бөлімшесінің кәсіпорын жетекшілері аттанды", - деп хабарлады ҚТЖ-дағылар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай