05 қараша 2017 10:33

Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды: 10 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау-Таушық тасжолында болған жол апатынан он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lada.kz.


Ақтау-Таушық тасжолында болған жол апатынан он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lada.kz.

4 қарашада күндізгі уақытта Ақтау-Таушық тасжолының 110-шы шақырымында екі көлік соғысып қалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Апаттар медицина орталығындағылар хабарлаған.

Орталықтағы қызметкерлердің айтуынша, бұл оқиға шамамен сағат 14:00-де болды. Екі көлік соғысып, салдарынан 10 адам зардап шеккен. Олар Таушық ауылындағы ауруханаға жеткізілген.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккендердің бірі өте ауыр жағдайда жатыр.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети