04 қараша 2022 13:30

Маңғыстауда екі адамның өліміне себепкер болған ер адам сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Маңғыстау облысында дезинсекциядан кейін екі адамның өліміне себепкер болған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында дезинсекциядан кейін екі адамның өліміне себепкер болған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, ер адам танысына пәтерін жәндіктерден залалсыздандыру қызметін ұсынып, бөлмені Қазақстанда қолдануға тыйым салынған бірінші санатты "Квикфос" уымен өңдеген.

"Нәтижесінде ауаға түссіз улы алюминий фосфиді газы таралып, соның салдарынан көрші пәтердің тұрғындары жасөспірім қыз бен оның анасы уланып, қайтыс болды. Осылайша, бір адамның абайсыздығынан екінші адам әйелі мен қызынан айырылды", - делінген хабарламада.

Ер адам ҚР ҚК-ның 304-бабы 3-бөлігі бойынша екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети