29 ақпан 2020 11:58

Маңғыстауда жол апатынан бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан жүк көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, жол апатынан үш адам зардап шекті, оның біреуі аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан жүк көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, жол апатынан үш адам зардап шекті, оның біреуі аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда шамамен 13:10-да Шетпе-Жетібай тасжолында болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Toyota Hilux маркалы автокөлігіне "Камаз" жүк көлігі соқтығысты. 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде бір адамның қайтыс болғанын айтты. 

"1991 жылғы ер адамның сол аяғының асықты жілігі жабық түрде сынған. Тағы бір зардап шеккен 1987 жылғы ер адам медициналық көмектен бас тартты", - деді басқармас баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеген айтты. 

"Сондай-ақ, республикалық маңызы бар барлық жолдарда жол-патрульдік полициясының экипаждары кезекшілік етеді. Облыс жүргізушілерін ескертеміз - боран кезінде қалаға шықпауға тырысыңыз", - деп ескертті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети