Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Маңғыстауда ісі тергеліп жатқан екі шенеунік қайтыс болды 24 қазан 2017, 13:49

Маңғыстау облысындағы Теңге және Қызылсай ауылдық округтерінің әкім орынбасарлары қайтыс болды. Оларға қатысты қызметтік жалғандық жасады деген
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© hibiny.com © hibiny.com

Маңғыстау облысындағы Теңге және Қызылсай ауылдық округтерінің әкім орынбасарлары қайтыс болды. Оларға қатысты қызметтік жалғандық жасады деген күдікпен тергеу жүріп жатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жаңаөзен қалалық прокурорының орынбасары Әнуар Борашев хабарлады.

Оның мәліметінше, экс-шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан. Екеуі де жер мәселесіне қатысты жетекшілік қызмет атқарған.

"Олар жалған құжатпен жеке үй құрылысына жер учаскелерін берумен айналысқан. Күдіктілердің қайтыс болуына байланысты тергеу тоқтатылды. Екеуінің қазасының себебі - денсаулығының сыр беруі", - деді Борашев.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram