Маңғыстаудағы атыстың мән-жайы: Жастар жанжалға ересектерді шақырған

18 Шілде 2017, 20:06
0
Маңғыстаудағы атыстың мән-жайы: Жастар жанжалға ересектерді шақырған - © pexels.com
© pexels.com

Маңғыстау облысының Қарақия ауданыдағы Құрық ауылында атысқан күдіктілер ұсталды. Бұл туралы өңірлік ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы, подполковник Алтынбек Қалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада" порталы. 

Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары "қару қолданған бұзақылық" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша жүргізіліп жатыр. 

Қалиевтің айтуынша істің мән-жайы анықталған. Қару қолданған жанжалға қарапайым ұрысып қалу себеп болған. 

"19-20 жастағы жігіттер өзара ұрысып қалған. Содан кейін олар үлкен ағаларын (22-23 жастағы) шақырған. Кейін 10-15 шақты адам ауыл сыртына шыққан. Ол жақта ерегескен жастар арасында төбелес шыққан. Сол кезде осы оқиғаға қатысқан бір адам қолына мылтық алып, екі рет оқ атқан. Соның салдарынан алты адам әр түрлі жарақат алған", - деді криминалдық полиция басқармасының басшысы.  

Еске салайық, Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірнде атыс болып, алты адам зардап шекті. Оқиға Қарақия ауданыдағы Құрық ауылында шілденің 18-не қараған түні болған. 

"Үш науқасқа жедел от жасалды. Денесіне, аяқ-қолына, кеудесіне және ішіне оқ тиген. Бірінің ішегі мен асқазанында жарақат бар. Ішіне бір жарым литр қан ұйып қалған. Жаралар тігілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде, тыныс алу аппаратына қосылған", - дейді облыстық аурухана директорының орынбасары Мұхаметжан Нұрғазиев. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай