Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Медеуде аспалы жолдың кассасы өртенді

20 Наурыз 2014, 15:06
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Медеуде "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына апаратын аспалы жол кассасының бөлмесі өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі курорттың бас инженері Вадим Кудрявцевке сілтеме жасап.

Өрт шамамен 13.00-де шыққан. Кассирлер түтінді байқап, бөлмеден шығып кетеді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жалынды оқиға орнына келген өртсөндірушілер ауыздықтады. Кассадағы кеңсе техникалары - принтерлер мен компьютерлер жанып кетті. Ақша арнайы сейфтерде болған, оларға жалын тимеді. Әзірше касса жұмыс істемей тұр, бірақ инженерлер мейрам күндері аспалы жолдың штаттық режимде жұмыс істеп тұратынына сендірді.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр қалқанындағы қысқа тұйықталу себеп болған. Бұған дейін Алматыда бомбыпана өртенген болатын. 14 наурыз күні сағат 16.00 шамасында Жамбыл және Досмұхамедов көшелерінің қиылысында, "Ника" және "Қыз Жібек" серіктестіктеріне тиесілі аумақтағы нысанда газдан қорғайтын аспаптар жанған.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай