"Мені шешіндіріп зорлады". Алматыда 11 күннен кейін табылған студент қыз сұмдық оқиғаны айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда 23 ақпанда жоғалып кеткен Әйгерім Рысбек табылды. Бірінші курс студенті үйіне келіп, сұмдық оқиға туралы айтып берді. 15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті. Бұл туралы Almaty арнасының сюжетінде айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 23 ақпанда жоғалып кеткен Әйгерім Рысбек табылды. Бірінші курс студенті үйіне келіп, сұмдық оқиға туралы айтып берді. 15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті. Бұл туралы Almaty арнасының сюжетінде айтылды.

Қыздың сөзінше, ол сабақтан кейін әлеуметтік желіде танысқан жігітпен "Саяхат" автовокзалы маңында кездескен. Жігіт оны бірден көлігіне мәжбүрлеп отырғызып, белгісіз жерде зорлаған. Кейін оны басқа екі адамның қолына берген. Ал ол екеуі қызды 11 күн бойы қамап ұстап, бірнеше жер зорлаған.

"Мені шешіндіріп зорлады, ана бірінші жігіт. Сосын қолыңды кесеміз деп қорқытты. Қолымды тартып қалып едім, шашымнан тартып, басымды жерге ұрды. Қолымды тіліп, А мен Н әрпін жазды. Қолыңды тіл әйтпесе өлтіреміз деп қорқытты", - деді Әйгерім Рысбек.

Студент қыз әлеуметтік желісін бұзып кіріп, соңғы рет жазысқан сол жігітті анықтағаннан кейін табылды. 

 "Бұл істің қозғалғанын да, қозғалмағанын да, ана баланы тергегені де, термегені де мен білмеймін. Еш хабар жоқ. Мен бүгін барайын деп едім. "Сіз келмеңіз" деді. Енді мен амал жоқ үйде отырмын. Маған әділдік керек. Маған шындық керек. Басқа ештеңенің керегі жоқ. Қызымды таптаған, қорлаған қиянат жасаған адамдарды заңға тартсын!", - деді Нұрлыхан Рахимова.

Ал қалалық Ішкі істер басқармасы бұл істің басқа нұсқасын айтады. Полицейлердің сөзінше тергеу жүріп жатыр, дегенмен, олар алдымен Әйгерімнің отбасын тексермек ниетте. 

"Азаматша Рысбек Наурызбай ауданына қарасты Алтын Орда сауда кешенінің маңында 7 наурызда табылған. Бойжеткеннің берген түсінігі бойынша, ол сабақтан құрбыларымен бірге шыққан, ал үйге қайтқысы келмеген. Біз бұл істі тергеп жатырмыз, балаларын тәрбиелеуге қатысты міндетін орындамағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тергеушінің мәліметі бойынша, Әйгерімнің оқиғасына қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer