31 наурыз 2014 | 22:03

Министр Божко Көкпекті апатының себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі ©Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Көкпекті елді мекенінде бөгеттің жарылуына ауа райы себеп, бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Көкпекті елді мекенінде бөгеттің жарылуына ауа райы себеп, бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"18 градус жылы болды. Жан-жағынан қар жауған. Ағын болған, мұз, көріп тұрсыздар, әлі ерімеген. Жан-жақтан сумен мұз қалқып келген", - деді министр. Ол апаттан бұрын плотинаны нығайтуға әрекет жасалғанын айтты. "Кешеден бері бөгетті айналып өтетін арық қазуға тырысқан, бірақ оң жағы, сол жағы – тасты жер, сондықтан судың жартысы ағып кетті, су толқынының күшті болғаны соншалық, ол бүкіл бөгеттің бойымен құйылған", - деді Божко.

Министр жағдайды нысанның меншік иесі - "Шаңырақ" ЖШС-мен бірге талқылағанын атап өтті. "Плотинаның жағдайына мониторинг жүргізілген, облыстық қызметтер жұмыс істемеді дей алмаймын. Шлюздердің бәрі ашық. Күзде тоғандағы су шығарылған. Бұл суқоймада ешқашан проблема болған емес, біз зардап шеккендерді аралап шықтық, олардың бәрі бұрын-соңды мұншама қардың бір мезгілде жаумағанын айтып отыр", - деді министр.

Қазір Көкпекті тұрғындарының бәрі үйлеріне оралды. Жергілікті билік пен шұғыл қызметтер ауылдан суды сорып, аумақты тазалауға кірісті. Еске салайық, Көкпекті суқоймасының бөгеті 31 наурызға қараған түні шайылып кеткен болатын. Арынды су 300-ге жуық үйді басып қалды. Бес адам қайтыс болды, алты адам ауруханаға түсті. Төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елімізде 2010 жылғы Қызылағаш трагедиясынан кейін көп кісі өліміне соқтырған мұндай жойқын тасқын болмаған еді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети