10 тамыз 2021 08:10

Министрлік Алматыда танк қайдан жүргенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде тараған сурет, әскери техниканы тасымалдау сәті Желіде тараған сурет, әскери техниканы тасымалдау сәті

Қазнет қолданушылары Алматы маңында блокбекет орнатылып жатыр деген қауесет таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қауесетте блокбекетте әскери техника болатыны айтылады. Дәлел ретінде бронтасымалдаушы түсірілген видео таралып жатыр.

Алайда StopFake Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйене отырып, Алматыда қазіргі уақытта блокбекеттер жоғын хабарлады. Видеодағы әскери техника карантин шектеулерімен ешқандай байланысы жоқ.

"Бұл 5 тамыздағы жағдай. Техника жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін Гвардейскіден Алматыға тұрақты орналасу орны әскери бөлімге жеткізілді", - делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске салайық, бұл қазақстандықтар қалалардың жабылуы туралы қауесет таратқан алғашқы жағдай емес. Мұның алдында желіде былтырғы жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды қасақана биыл болғандай таратқандар шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети