Астанадағы Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасының видеосын елордалық Полиция департаменті жриялады. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді", – делінген департамент таратқан ақпаратта.
Еске салайық, бүгін елорда орталығында көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Оқиға Министрліктер үйінің маңында болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!