22 желтоқсан 2022 16:41

"Мұндай көліктің қажеті жоқ". Қостанайлық полицейлердің көзінше көлігін қиратқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғыны полицейлердің көзінше көлігінің терезелерін сындырып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.


Қостанай тұрғыны полицейлердің көзінше көлігінің терезелерін сындырып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ көлігінің жүргізушісін айыппұл туралы хабарлама беру үшін тоқтатқан. Құқықбұзушы EkinPatrolG2 кешені көмегімен анықталған. Оның атында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін екі айыппұл болған. Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған.

"Тағы бір өрескел заңбұзушылық – сақтандыру полисінің жоқтығы, онсыз көлікті пайдалануға тыйым салынады, полицейлер көлікті мамандандырылған тұраққа қоятын болды. Алайда, жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың ресімделуіне теріс қылық көрсетіп, "маған мұндай көліктің қажеті жоқ" деп көлігінің әйнектерін сындырған", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшылары ер адамның әрекетінен қоғамдық тәртіпті бұзу белгілерін көріп отыр, ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Көлік арнайы тұраққа қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети